15
сентябрь
2022
"Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылы қыркүйек айының 15 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында ДҚТЖО А.Пусырова мен мектеп психологтары А.Байназарова мен Т.Мухамеджанның ұйымдастыруымен 8-9 сынып білім алушылары арасында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Білім алушыларға зорлық-зомбылық түрлері, буллинг пен кибербуллинг туралы қосымша ақпараттар беріліп, білімдері толықтырылды. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.