Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №282 (27556) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
- Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту Министрі
Қазақстан Республикасы |
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 533 бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттауға қатысатын педагог;
- аттестаттау – педагогтің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін біліктілік санатын беру (растау) рәсімі, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаты беріледі (расталады);
- аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
- аттестаттау кезеңі – педагогтің аттестаттау рәсімінен өтетін уақыт кезеңі;
- апелляция – осы Қағидаларға сәйкес электрондық жүйе арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтерді компьютерлік тестілеу нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
- Республикалық апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) – педагогтердің білімін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
- компьютерлік тестілеу жүйесі – педагогтердің білімін бағалау, апелляцияға педагогтердің өтініштерін қабылдау рәсімін жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
- біліктілік санаты – «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) бекітілген біліктілік талаптарына немесе кәсіптік стандартқа («Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы (бұдан әрі – кәсіби стандарт)) сәйкес келетін педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
- қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау (негізгі көрсеткіштердің орындалуын талдамалық жинақтау) – педагог жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейлеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес өзге де мәліметтер;
- педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
- педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтің білімін деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
- педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) – педагог пен білім алушылардың жетістіктерін растайтын педагогтің жеке кабинетінің деректері және оның кәсіби қызметінің құжаттары, тәжірибені жинақтау (трансляциялау), біліктілікті арттыру туралы мәліметтер бар ақпараттық жүйе;
- білім алушылардың немесе педагогтің жетістіктері-білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) немесе педагогтің конкурстарға (олимпиадаларға, жарыстарға және т. б.) қатысу нәтижелері;
- тілді меңгерудің халықаралық сертификаты – «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттері» (Common European Framework of Reference (CEFR) шкаласы бойынша шет тілі ретінде тілді меңгеру деңгейін растайтын ресми құжат;
- Педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44-бабының 5-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасарлары, әдіскерлері, бөлімнің, әдістемелік кабинет (орталық) басшылары (меңгерушілері) осы Қағидаларға сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
- Аттестаттау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
- Білім беру саласының уәкілетті органдарында, басқару органдарында және білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін Комиссиялар құрылады:
білім беру ұйымдарында:
«педагог-тағылымдамашы», «педагог», «педагог-модератор»;
ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беру басқармасы органдарында:
«педагог-сарапшы» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін);
«үшінші біліктілік санатындағы әдіскер» (ведомстволық бағыныстағы әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бөлім басшылары (меңгерушілері) мен әдіскерлері үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін);
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың білім беру басқармасы органдарында:
«педагог-сарапшы» (педагогтер үшін);
«педагог-зерттеуші»;
«екінші біліктілік санатының әдіскері», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» (ведомстволық бағыныстағы бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін);
«үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшы орынбасарлары үшін);
«бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшы орынбасарлары үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін);
«басшы-көшбасшы» (білім беру ұйымдарының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың ) басшылары үшін;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында:
«педагог-сарапшы» және «педагог-зерттеуші», (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін);
«педагог-шебер» (педагогтер үшін);
«үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «басшы-көшбасшы»(ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін);
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға құрмай мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттаудан өтеді.
- Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
- Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшылары орынбасарларын аттестаттау үшін Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақ ұйымдарының, білім беру ұйымдарының алқалы органдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің мамандары, бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтар) әдіскерлері кіреді.
- Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды, комиссия мүшесі болып табылмайды.
- Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
- Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Жазба аттестаттау органында кемінде үш жыл сақталады.
- Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушы педагогтің құжаттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қарайды.
- Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
- ПББ (осы Қағидалардың 16-тармағында айқындалған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер бойынша оқытушыларын қоспағанда);
- қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
білім беру ұйымдарының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
- ПББ;
- қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау.
бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)әдіскерлері үшін:
- ПББ;
- қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау.
білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық)басшысының орынбасары үшін:
- қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
2-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
- Педагогке біліктілік сипаттамалары мен кәсіби стандартқа негізделген белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес біліктілік санаты беріледі. Біліктілік санатына сәйкес келетін педагог тиімділігінің жыл сайынғы көрсеткіштері Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) тіркеледі.
- ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді (қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдамалық орындау)
педагогтер:
1) бұрын берілген біліктілік санатын растау;
2) «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын беру;
3) педагогикалық өтілі 30 (отыз) және одан да көп жыл.
білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері:
1) бұрын берілген біліктілік санатын растау;
2) «жетекші-көшбасшы», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санатын беру;
- Педагог аттестаттау кезеңінде біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттауға өтінішті уақтылы бермесе, бұрын берілген біліктілік санаты жарамсыз деп танылады. Білім беру ұйымының комиссиясы педагогке «педагог» біліктілік санатын береді.
Келесі аттестаттау кезеңінде педагог кезекті аттестаттауға дейін қолданылатын біліктілік санатын алуға өтініш беруге құқылы.
- Білім беру ұйымы жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде алдағы аттестаттау кезеңіне біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
- Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).
- «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде педагогке ПББ және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау нәтижелеріне сәйкес біліктілік санаты беріледі.
- Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өткен педагогтердің тізімі мемлекеттік органның немесе аттестаттауды өткізетін білім беру ұйымының ақпараттық ресурсында жарияланады, платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) орналастырылады.
Комиссия шешімі үш жұмыс күні ішінде аттестатталушы педагогтің электрондық поштасына жіберіледі немесе осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені Платформаның жеке кабинетінде орналастырады.
- Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірақ 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала күтімі бойынша демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан адамдарға беріледі.
Егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, педагог Қазақстан Республикасының шегінде басқа білім беру ұйымына ауысса, педагогтің өтініші негізінде аттестаттаушы органның комиссиясы санаттың қолданылу мерзімін 1 (бір) жылға ұзартады.
- Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін аттестаттаушы органның Комиссияларына келесі құжаттарды ұсынады, Платформаға жүктейді:
- біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
- Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
- Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
- Жасы бойынша зейнетақыға дейін 5 (бес) жастан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
Біліктілік санаты педагогтің өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлік жасы «Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші педагогтің зейнеткерлік жасына жеткенге дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын педагогтер осы Қағидаларға сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
- «Екінші санат», «бірінші санат» біліктілік санаттары бар педагогтерге «педагог-модератор», «жоғары санатқа» – «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі. «Санаты жоқ» педагогтерге «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Берілген «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаты бұрын берілген «екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Осы Қағидаларға сәйкес қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне сай «Бірінші санат» біліктілік санаты бар педагог «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу үшін; «жоғары санат» біліктілік санаты бар педагог - «педагог-шебер» біліктілік санатын алу үшін аттестаттау рәсімінен өтуге құқылы.
«Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары бар бөлімдердің басшыларына (меңгерушілеріне) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлеріне «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-зерттеуші» - «екінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-шебер» -- «бірінші біліктілік санатының әдістері» беріледі.
- Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің (басшылардың, басшы орынбасарларының, әдіскерлердің) бар біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолда сақталады.
- Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады.
- Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту жағдайында біліктілік санатын беру негізгі лауазымы бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық оқу пәндерге қолданылады.
- Дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту кезінде шағын жинақталған мектеп педагогтері үшін кезекті біліктілік санатын беру пәндер бойынша тиісті біліктілік беріле отырып, қайта даярлау туралы құжат болған кезде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
- Негізгі жұмыс орны бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі лауазымы бойынша қосымша білім беру педагогтері және педагог-ұйымдастырушылар ретінде берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық үйірмелерге (секцияларға, студияларға) қолданылады.
- Арнайы білім беру ұйымында сабақ беретін педагог кезекті біліктілік санатынан бейіні бойынша дипломға сәйкес өтеді.
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогі кезекті біліктілік санатынан оқытылатын бейінге сәйкес өтеді.
- Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бөлім басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне және білім беру ұйымдары кабинеттерінің меңгерушілеріне және әдіскерлеріне диплом немесе атқаратын лауазымы бойынша біліктілік санаттары беріледі.
- Білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысу кезінде немесе педагог білім беру ұйымында басқа лауазымға тағайындалған кезде педагогтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады (егер оның біліктілік санаты атқаратын лауазымының біліктілік санатына сәйкес келсе).
Бөлім басшысы (меңгерушісі) немесе әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері лауазымына ауысқан кезде «педагог-модератор» немесе «педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар педагогке «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-зерттеуші» - «екінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-шебер» - «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты беріледі. Бөлімнің басшысы (меңгерушісі) немесе әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері лауазымына ауысқан кезде педагогке берілген біліктілік санаты 3 жылға жарамды.
Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын басқа ұйымға, басқа лауазымға ауысқан кезде, әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымында басқа лауазымға тағайындалған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының, басшы орынбасарының) әдіскердің қолда бар біліктілік санаты сақталады.
Педагог лауазымына ауысқан кезде бөлім басшысына (меңгерушісіне), «үшінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты бар әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскеріне біліктілік сипаттамаларына сәйкес «педагог-модератор» немесе «педагог-сарапшы», «екінші біліктілік санатының әдіскері» - «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты беріледі, «бірінші біліктілік санатының әдіскері» - «педагог-шебер». Кейіннен аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіскер (бөлім басшысы (меңгерушісі) лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты бөлім басшысы (меңгерушісі) (әдіскері) лауазымына ауысқан кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
- Педагогтерге педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында жүзеге асыру кезінде қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
Әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бөлім басшысы, басшы орынбасары, әдіскері, басшысы (меңгерушісі) білім беру ұйымына ауысқанда немесе педагогикалық (оқытушылық) қызметті қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында жүзеге асырған кезде қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогі мектепке дейінгі ұйымдағы басқа педагогикалық немесе әдістемелік лауазымға ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін педагог келесі (бар) санатты беруге (растауға) аттестаттау рәсімінен өтеді.
- «Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ беретін педагог «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.
- Педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты оқу жоспарының вариативтік компоненті курстарын оқытуға қолданылады.
- Арнаулы білім беру ұйымдарында немесе арнаулы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс істемеген кезде біліктілік санатын беру тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
- Инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымында сабақ беретін педагог дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес біліктілік санатын беру рәсімінен өтеді, Платформада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жөніндегі материалдарын көрсетеді.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
(Платформа жұмыс істей бастағанға дейін)
- Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң жол беріледі. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен кемінде соңғы екі жыл ішінде тиісті қызмет нәтижелері болған кезде береді.
- Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру үшін:
- «педагог-модератор» - педагог кемінде екі талапқа сәйкес болуы тиіс:
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, С1 деңгейінен (CEFR) төмен емес ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
- «педагог-сарапшы» - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.
- «педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
- «педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағына ие болған адамдар.
44. Платформа жұмыс істей бастаған сәттен бастап тиісті деңгейдегі Комиссия, егер педагог қолданыстағы біліктілік санатынан жоғары қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жыл сайын (2 жыл бойы үздіксіз) орындаған жағдайда, біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санатына педагог мерзімінен бұрын берген жағдайда, тиісінше «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін шекті деңгейдегі ПББ өткендігі туралы сертификат ұсынады.
45. Өтініш берген біліктілік санатынан ПББ төмен нәтижесін алған педагог қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
ПББ нәтижесі мәлімделген біліктілік санатынан төмен болған педагог ПББ нәтижелері сәйкес келетін санатқа қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
«Педагог-модератор» тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған педагог қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
46. Комиссия «өтініш білдірген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі
- Президенттік кадр резервіне кірген тұлғаларға жұмысқа орналасу кезінде Комиссия шешімімен аттестаттау рәсімінсіз «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.
- «Педагог-модератор» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 5 (бес) соңғы жыл жұмыс өтілі бар тұлғаларға өтініш негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі.
«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша соңғы он жылдан астам жұмыс өтілі бар тұлғаларға өтініш негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі.
- Аттестаттаушы органның комиссиясы өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат (CEFR) негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді: ағылшын тілі (С1), француз және неміс тілі (В2):
«педагог-модератор» - кемінде 1 (бір) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтеріне;
«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтері.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.
- Аттестаттаушы органның комиссиясы тілді меңгеру деңгейінің халықаралық сертификаты және педагогикалық қайта даярлау туралы құжат болған кезде педагогикалық білімі жоқ тұлғаларға өтініш негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді:
«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл оқытушылық өтілі бар;
«педагог-зерттеуші» - кемінде 3 (үш) жыл оқытушылық өтілі бар.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған педагогтерге өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі:
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгей жоғары.
Басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде педагог арнаулы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.
- Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және кадр резервіне кірген педагогтерге лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ «жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.
2-тарау. БПП өткізу тәртібі
53. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізудің операторы болып табылады. ПББ электрондық форматта өткізіледі.
54. Педагог дипломда көрсетілген мамандыққа немесе негізгі лауазым бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға ПББ өтуге өтініш береді.
55. ПББ өту үшін өтініштерді қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады.
56. ПББ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мерзімдерге сәйкес жыл бойы өткізіледі:
педагогтер үшін:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет - ақылы негізде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер, күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде.
57. ПББ үшін тапсырмаларды әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады.
Білім берудің уәкілетті органы айқындаған ұйымның ақпараттық ресурсында ашық қолжетімділікте ПББ тест спецификациялары және ПББ-ға даярлау үшін ұсынылатын әдебиеттердің тізімі орналастырылады.
58. ПББ үшін тапсырмалардың мазмұны білім деңгейлеріне және педагогтердің лауазымдарына сәйкес айқындалған, ПББ өту балдарын бөлу – осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес.
59. ПББ нәтижесі шекті деңгейді алған кезде оң деп саналады:
- педагогтер үшін:
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60 %;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;
- білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), бөлім басшылары (меңгерушілері), әдістемелік кабинеттер (орталықтар)әдіскерлері – 70 %.
60. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда ПББ орындау ұзақтығы:
«Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін - 250 (екі жүз елу) минут;
«Мектепке дейінгі білім беру» , «Қосымша білім беру» деңгейлері (бағыттары) үшін – 150 (жүз елу) минут;
басқа пәндер, деңгейлер (бағыттар) үшін –150 (жүз елу) минут.
61. ПББ рәсімі осы Қағидалардың 7-қосымшасында ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
62. ПББ өткізу кезінде ереже бұзушылық анықталған жағдайда осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ережелерді бұзу актісі жасалады, педагог аудиториядан шығарылады.
Рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде ережелерді бұзу фактісі анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ережелерді бұзу актісі жасалады және нәтижелері жойылады.
63. ПББ жүргізу ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда педагог, білім беру ұйымының басшысы бір жыл мерзімге біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өтуге жіберілмейді. ПББ жүргізу ережелерін бұзу фактілері қайта анықталған жағдайда педагог біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өтуге – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері – үш жылға жіберілмейді.
Педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына, басшы – «білім беру ұйымының басшысы», бөлім басшысы (меңгерушісі), әдіскер – «әдіскер» санатына дейін төмендетіледі.
64. ПББ аяқталғаннан кейін оның нәтижесі компьютер экранында көрсетіледі.
65. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш береді. Педагог ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға өтініштер қабылданбайды.
Апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) болса, қайта қарауға жатпайды.
66. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.
67. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссияның шешімі соңғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
68. Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
69. Апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:
- тапсырмалардың мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеушілік;
дұрыс жауап жоқ;
бірнеше дұрыс жауаптың болуы;
дұрыс емес тапсырма;
- техникалық себептер бойынша тапсырмаларда фрагмент немесе мәтін болмаған жағдайда.
70. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен ұйымда бір жыл сақталады.
71. Осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.
72. Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық деректер базасын 5 (бес) жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
73. Уәкілетті орган айқындаған ұйым білім беру органдарына, білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелерімен электрондық сертификаттарды тексеру үшін қолжетімділік береді.
74. ПББ нәтижесі бір жылға жарамды деп есептеледі.
75. Аттестаттау кезеңінде біліктілік санатын беруге (растауға) педагогті, білім беру ұйымы басшысының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының, бөлім басшысының (меңгерушісінің), әдіскердің кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санатқа балл саны жеткіліксіз болған жағдайда, Комиссия ПББ нәтижелерінен жоғары емес біліктілік санатын береді.
3-тарау. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
76. Педагогтердің біліктілігін бағалау құжаттардың осы Қағидалардың 10- қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі) белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарауды қамтиды, қағаз форматында немесе Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жүргізіледі, біліктілік бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес хабарлама беріледі және платформада орналастырылады.
1-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
77. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру ұйымдары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
78. Мемлекеттік қызметті алу үшін педагог, жеке тұлға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тиісті деңгейдегі көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық (Платформа немесе мемлекеттік орган арқылы) немесе қағаз форматта өтінішін (қолданыстағы санат мерзімі аяқталғанға дейін) ұсынады.
Өтініш біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өту мерзімдерін сақтай отырып беріледі.
79. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде қызмет көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
80. Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда тиісті деңгейдегі көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жолдайды және Платформаға орналастырады.
Құжаттар толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі немесе Платформа арқылы жіберіледі.
81. Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Платформа арқылы (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) немесе қағаз форматта тиісті деңгейдегі комиссияға жібереді.
82. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсеткен кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
83. Мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңымен реттеледі.
84. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
85. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымды қарайды немесе шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібі
86. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға арналған педагог материалдары Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагог қызметінің бағыттары бойынша әр түрлі дерекқорлардың құжаттарын (мәліметтерді) интеграциялау арқылы қалыптасады (білім алушылардың үлгерімі мен оқыту сапасы; білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және педагогтердің конкурстарда, олимпиадаларда, жарыстарда, чемпионаттарда жетістіктері; тәжірибені жинақтау (трансляциялау), әдістемелік материалдарды әзірлеу, педагогикалық қоғамдастықтағы өзара әрекеттесу, біліктілікті арттыру).
Педагогтерді кәсіби белсенділікке ынталандыру үшін Платформа жыл сайын жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Платформада педагогтің жеке профиліне қолжетімділік педагогке, аттестаттаушы органның жауапты тұлғасына, Комиссияға материалдарды жүктеу құқығынсыз беріледі.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын білім беру ұйымы қалыптастырады және тиісті деңгейдегі Комиссияға электрондық жеткізгіштерде немесе қағаз форматта жіберіледі.
87. Комиссия платформада осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау критерийлеріне және педагог қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін Комиссия педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын электрондық немесе қағаз форматта қарайды.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
88. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарын; (әдістемелік кабинет (орталық) басшысын, басшы орынбасарын, бөлім басшысын (меңгерушісін) және (әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерін аттестаттаудан өткізу дайындығын аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты адам) ұйымдастырады және келесі іс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталушы орган басшысының бұйрығымен Комиссия құрамын және аттестаттауды өткізу кестесін жыл сайын бекіту, аттестатталушылар тізімін айқындай отырып қажеттілігіне қарай түзету.
2) ПББ өткендігі туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарларын қоспағанда), аттестатталушының біліктілік бағасына сәйкестігі туралы құжаттарды, осы Қағидаларда айқындалған қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, олардың орындалуын растайтын құжаттармен қоса дайындау. Көрсетілген құжаттар белгіленген тәртіппен расталады, Платформаға (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жүктеледі.
89. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) аттестатталушыларды жыл сайын аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жазбаша хабардар етеді.
90. Платформаға құжаттардың толық емес топтамасын жүктеген кезде аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады және Платформада орналастырады.
91. «Басшы», «басшы орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ лауазымға тағайындалған кезде куәлікпен беріледі.
92. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі және осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.
93. Біліктілік санаты үш жылға жарамды. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері осы Қағидалардың 4, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттауға өтінішті, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сай Платформа арқылы (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) Комиссияға береді.
94. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері реттілігін сақтамай, қызметтің тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын ескере отырып біліктілік санатын алуға өтініш беруге құқылы.
Келесі біліктілік санаттарын беру (растау) реттілік қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
95. Аттестаттау кезінде білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ПББ өтеді.
Аттестаттау кезінде мәлімделген біліктілік санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ПББ нәтижелері бойынша тиісті санатқа сәйкес қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
Аттестаттау кезінде «басшы-ұйымдастырушы» («үшінші біліктілік санатының әдіскері») тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
96. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) Комиссияға аттестаттау кезеңіндегі біліктілік бағасын қоса алғанда, қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау үшін Платформада аттестатталушының жеке кабинетіне қолжетімділікті береді (материалдарды жібереді).
97. Ұсынылған материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.
98. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
99. Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
2) өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
3) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады);
100. «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» («қайта аттестаттауға жатады») , «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді, қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді) шешімін қабылдаған жағдайда, Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді, Платформада аттестатталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні орналастырады.
101. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады)» шешімін қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының және білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарының қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, бұдан соң – біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
102. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері Комиссия айқындаған және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде қайта аттестаттаудан өтеді.
103. Қайта аттестаттауды өткізу кезінде Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
- өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
- өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді).
104. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді) шешімін қабылдаған кезде үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді, Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) аттестталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні орналастырады. Комиссияның шешімі аттестатталушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде еңбек шартын жасаған ұйымның басшысына ұйымдық-кадрлық шешімдер қабылдау үшін жіберіледі.
105. Білім беру ұйымы басшысының (басшы орынбасарының) бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысуы кезінде қолданыстағы біліктілік санаты басшы (басшының орынбасары) лауазымы шеңберінде қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.
Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының орынбасары лауазымына ауысқан кезде және керісінше, сол немесе өзге білім беру ұйымы шеңберінде басшының (басшы орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты осы лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
106. «Үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санаттары бар басшыларға тиісінше «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «басшы-көшбасшы» біліктілік санаттары беріледі.
Берілген санат бұрынғы санаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
5-тарау. Білім беру ұйымдары басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жалпы ережелері
107. Комиссия шешімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына (педагогтерді, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттау үшін) және 18-қосымшасына (білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының, басшы орынбасарларын аттестаттау үшін) сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған хатшы және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды және Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жарияланады.
108. Аттестатталушы Комиссияның шешімімен Платформада өзінің жеке кабинетінде танысады.
109. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) / атқаратын лауазымына сәйкес (сәйкес еместігі) туралы бұйрық шығарады.
110. Бұйрық негізінде осы Қағидалардың 19-қосымшасының нысанына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттау туралы куәлік беріледі.
111. Біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттау туралы куәлік 20-қосымшасының нысанына сәйкес тіркеу журналында тіркеледі және Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагогтің өзінің жеке кабинетінде жарияланады.
112. Педагогтерге біліктілік санаты үшін қосымша ақы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында белгіленеді.
113. Аттестаттау рәсімінде және біліктілік санаттарын беруде бұзушылықтар анықталған жағдайда аттестаттаушы органның Комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
114. Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін Комиссия дербес айқындайды.
115. Бақылау органдары аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау рәсімінің өткізілуіне іріктеп бақылау жүргізеді.