26
август
2022
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 тамызда № 29136 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
БҰЙЫРАМЫН:1. "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 91), 92), 93) және 94) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"91) осы бұйрыққа 91-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін олимпиада резервінің республикалық және облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттары үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;";
"92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін олимпиада резервінің республикалық және облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттары үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;";
"93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін олимпиада резервінің республикалық және облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттары үшін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;";
"94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін олимпиада резервінің республикалық және облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттары үшін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 103), 104), 105), 106), 107) және 108) тармақшалармен толықтырылсын:
"103) осы бұйрыққа 103-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін гимназия сыныптарына арналған бастауыш білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
104) осы бұйрыққа 104-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін гимназия/лицей сыныптарына арналған негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
105) осы бұйрыққа 105-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін гимназия/лицей сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
106) осы бұйрыққа 106-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін гимназия/лицей сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
107) осы бұйрыққа 107-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін "Білім инновация-лицейі" мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
108) осы бұйрыққа 108-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін "Білім инновация-лицейі" мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары";
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101 және 102-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101 және 102-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 103, 104, 105, 106, 107 және 108-қосымшалармен толықтырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі | А. Аймағамбетов |
Толық нұсқасын көшіру сілтемесі:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136