15
декабрь
2023
“ Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек”
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 желтоқсан күні “ Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек” тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес пән мұғалімдері алынған тест жұмыстары бойынша, тест нәтижелері, сараптама, мониторинг жүргізді. Мәтінмен жұмыс жасау, қатемен жұмыс және оның шешу жолдарын талқылап, 4,9 сыныптардан алынған тест жұмыстары бойынша үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар: Смат Г, Коркмазова С, Бекзатұлы Б, Садков О аталды.