06
апрель
2023
Ағылшын, тарих пәндері бірлестігінің айлық ашылу кеші өтті
Бүгін сәуір айының бесінші жұлдызында №16 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын, тарих пәндері бірлестігінің айлық ашылу кеші өтті. Бірлестік мүшелерінің қатысуымен оқушылар мен ұстаздарға арнаулы “Лото”, “ What’s in the box?” ойындары ойнатылып, ағылшын тілі , тарих пәндері бойынша сұрақтар беріліп, жауаптары тыңдалып, дұрыс жауаптарға сыйлықтар үйлестірілді.
Айлықтың тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің негізі-дарынды тұлғаны қалыптастыру.
Мақсаты: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, білім алушылардың білімін тереңдету және білімді өз бетінше іздену арқылы қолайлы жағдай жасау.
Кеш барысында тарихи танымды кеңейту мақсатында тарих пәні мұғалімдерінің бастамасымен мектепте мұражай көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған мұражай бойынша мектеп директоры Муратова Гүлжамал Алметқызы , айлық соңында мұражайдың ашылу салтанатының болуы туралы айтып өтті.