Кітапхана » Страница 4
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітап оқу жарысы
06
апрель
2023
Кітап оқу жарысы
Хабарландыру  !!!!!! 🌞 Қайырлы күн құрметті кітапсүйер оқырмандар!!! 📚Сәуір айының кітап оқу жарысына қатысуға шақырамыз! 🧑🏻‍🏫Жарыс ұйымдастырушы: Ғалымжанов Мұқадам Фазылұлы* 🔗Кітап оқу жарысының шарттары:* 1. Жарыс 3 кезеңнен тұрады. 2. Әрбір кезең ақылы түрде өтеді. 3. 1 кезеңнің кітабын 495 теңге төлеп,15 беттік кітапты алу; 4. 15 беттік кітапты толық оқу; 5. Сәуірдің 25-ы күні сол 15 беттік кітаптан құралған 15 сұрақ тестті орындау; 6. Кім дұрыс әрі бұрын жауап береді сол оқырман келесі
"Мен ұнатқан мамандық" тақырыбында насихаттау түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.
28
март
2023
"Мен ұнатқан мамандық" тақырыбында насихаттау түсіндірме жұмыстары
№16жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 9-10 сынып білім алушыларымен "Мен ұнатқан мамандық" тақырыбында насихаттау түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.  Мақсаты:  Оқушыларды болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу.  Таңдаған мамандықтарын талдай және таңдай білуге үйрету.   Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге  бағыт беру.
"Туған жерім-мерейлі Меркі"
27
февраль
2023
"Туған жерім-мерейлі Меркі"
№16жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 3"А"сынып білім алушыларымен "Туған жерім-мерейлі Меркі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың туған жеріне деген, туған ауылына деген сүйіспеншілдігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып. Туған жердің қадірін білуге және табиғатын аялауға шақыру.  
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111жылдығына орай "Мақтан тұтқан ұлы тұлға" атты танымдық сабақ өткізілді.
24
январь
2023
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111жылдығына орай "Мақтан тұтқан ұлы
16жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111жылдығына орай "Мақтан тұтқан ұлы тұлға" атты танымдық сабақ өткізілді.  Мақсаты:  Ұлы  тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
"Оқуға құштар" мектеп жобасы
16
январь
2023
"Оқуға құштар" мектеп жобасы
"Оқуға құштар" мектеп жобасы аясында қашықтықтан оқу кезіндегі уақытын қызықты,пайдалы өткізу мақсатында неміс жазушысы Вильгельм Гауфтың "Кішкентай Мук" ертегісін оқи отырып, біздің 1 "б" сынып оқушысы  Варзилова Камила атты кішкентай оқырманымыз ертегі желісін оқи отырып, суреттеп берді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
13
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7 б  сынып білім алушылары: Бадалов Файзи мен Барыш орыс жазушысы А. С. Пушкиннің "Балық пен балықшы" ертегісі және  Ә. Тәжібаевтың "Толағай" әңгімесін оқи отырып,түсінгендерін суреттеп айтып берді.Мақсаты: еңбек адамын қадірлеуді, биік адамгершілікті, шыншыл болуды, қанағаттылықты адам бойына сіңірту.
Бақытяр Әбділдаұлы ның  Жауғаш Батыр- Абылай ханның елшісі. кітабін  8 "А" сынып білім алушыларымен  насихаттау, түсіндіндіру ,талдау ұйымдастырылды.
11
январь
2023
Бақытяр Әбділдаұлы ның Жауғаш Батыр- Абылай ханның елшісі. кітабін
№16жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында.  Бақытяр Әбділдаұлы ның  Жауғаш Батыр- Абылай ханның елшісі. кітабін  8 "А" сынып білім алушыларымен  насихаттау, түсіндіндіру ,талдау ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған батырларымызды мәңгілік естен шығармайық.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тюторлық оқу бойынша "Қарға мен түлкі" ертегісі
26
декабрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тюторлық оқу бойынша "Қарға мен
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тюторлық оқу бойынша "Қарға мен түлкі" ертегісін 5 "Б" сынып білім алушысы Алиева Лале сыныптастарына, жоғары сыныпта оқитын әпкесіне және үйдегі әжесіне ертегі желісін, мазмұнын айтып берді.  Мақсаты: балалардың кітап оқуға қызығушылықтарын, құштарлығын ояту. Өзі ғана емес өзгені де сол ертегі, әңгіме желісімен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдауға үйрету, жағымды тұстарын ерекше атап, өтірік айтпауға үйрету.
" Мен оқыған шығарма"
13
декабрь
2022
" Мен оқыған шығарма"
Оқуға құштар жобасы аясында бастауыш сынып аралығында оқырмандарды көркем шығармалар арқылы оқуға шақыру  мақсатында: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай " Мен оқыған шығарма" атты буклет ұйымдастырылып жасалды.
Оқушылар арасында "Оқуға арналған үзіліс" атты  15минуттық кітап оқу ұйымдастырылды.
30
ноябрь
2022
Оқушылар арасында "Оқуға арналған үзіліс" атты 15минуттық кітап оқу
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында. Оқушылар арасында "Оқуға арналған үзіліс" атты  15минуттық кітап оқу ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілдігін ояту. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау,  кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.