13
январь
2025
«Серпін-2050» - жарқын болашақ жобасы бойынша Меркі жастар орталығының тренері Назерке Айдосқызы келіп оқушылармен сұхбаттасты.
Ағымды жылдың он үшініші қатар күні мектебімізге «Серпін-2050» - жарқын болашақ жобасы бойынша Меркі жастар орталығының тренері Назерке Айдосқызы келіп оқушылармен сұхбаттасты. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырыладығын түсіндірді. Мектеп бітіретін оқушыларда «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Сол себепті осы «Серпін 2050» бағдарламасы білім алушыларға алдағы уақытта мамандық таңдауда өз әсерін тигізеді деген ойдамыз.
КББП Нуртаева Р
КББП Нуртаева Р
