07
февраль
2022
"Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған үздік тапсырма" байқауына әр түрлі оқу пәндері бойынша кіріктірме жұмыстар жүргізілді
16 жалпы орта білім беретін мектебінде PISA-2022ж. халықаралық зерттеулеріне қатысуға дайындау бойынша іс - шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 7 ақпан күні "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған үздік тапсырма" байқауына әр түрлі оқу пәндері негізінде функционалдық сауаттылықты және креативті ойлауды қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды және авторлық әдістемелерді таңдау, түрлендіру, әзірлеу және оларды сабаққа кіріктіру бойынша педагогтерді анықтау жұмысы жүргізілді. Байқауға қатысу үшін мұғалімнің білім алушылар мен жұмысты қалай ұйымдастыратынын көрсететін тапсырмалардың форматы мен түрі ұсынылды. Барлық қатысушы педагогтер: Кикинадзе А., Коркмазова К., Нурланкулова Д., Құралова С., Нурланова Ф., Алиева Г., Сауытбек Н., Мустафаева К., Ажибаева А. іс - шараға өздерінің жеке дайындаған жұмыстарын көрсетті. Қосымша ұсыныстар айтылды.