№16 жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілген іс-шара » Страница 2 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №16 жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілген іс-шара
05
апрель
2019

№16 жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілген іс-шара

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізу туралы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі №446 хатына сай мектеп ауласында 5 сәуір күні сағат 1000- де білімалушылармен аталған іс- шараның салтанатты ашылуы өткізілді. Мектеп директоры Г.Муратова жарысқа қатысушыларды құттықтап, білімалушыларға сәттілік тіледі. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ш Сарыүйсінбай,
М Рысбекұлы жарыс бағдарламасымен таныстырды. Білім алушылар сынып бойынша қатарға тұрғызылып «Денсаулық баршаға!» ұранымен флешмоб биін орындады.
№16 жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілген іс-шара

Жарыс түрлері:
1. Жаяу жүгірістер марафоны
2. Қысқа қашықтыққа жүгіру 30,60,100м.
3. «Көңілді сөре» эстафеталық жарыстар
4. Арқан тартыс
5. Спорттық ойындар: футбол,волейбол
Көше бойымен 2000 м қашықтықта 7 – 11 сыныптар арасында жаяу жүгірістер марафоны өткізілді. Көш бастап ұлдар арасынан Сағатбай Еркебұлан - 1 орын, Жұматай - 2 орын, Мұқаш Даниял -3 орын. Қыздардан Смат Әсел - 1 орын, Тұрысбек Ақбота- 2 орын, Қайнарбек Аружан – 3 орын иеленді.


60 метр қашықтыққа жүгіруден 5-6 сынып қыздары арасында 30метр қысқа қашықтыққа жүгіруден. I-орын Ширинова Мадина. II-орын Қосалы Ұлбосын, ІІІ- орын Бадалво Алмаз жеңіске жетті. 5-6сынып ұлдар арасында Кокаровцев Вадим I-орынды, Османов Ариф II-орынды иеленді. 7-8 сыныптан ұлдардан Варзилов Омар І- орын, Бадалов Ширин ІІ- орын, Жұматай Бекболат ІІІ- орын. 7-8 сынып Варзилов Омар I-орын, Сағатбай Еркебұлан II-орын, қыздардан Смат Әсел I-орын, Смат Әсем II-орынды, Канаева Ұлдана ІІІ- орын алды.
9 сыныптан Мукаш Даниял мәре сызығына бірінші жетіп жүлделі орындарды иеленді. 11 сыныптан Махарадзе Лейла алдына жан салмады. 100 м жарыса жүгіруден барлық оқушылардың жарысқа деген ынталары арта түсті. Осындай қызықты өткен жарыста білім алушылар өздерінің күш жігерін аянбай көрсете білді Эстафеталық жарыс 4х60м . қашықтықта өткізілді. Нәтижесінде 6-8 сыныптар арсында 8а сыныбы, ал 9-11 сыныптар арасында 10а сыныбы І орынды иеленді.Ұлттық ойындар «Арқан тартыс» жарысы 5-7 сыныптары арасында өте қызықты да тартысты өтті.


Спорттық ойын футбол 8-11 сыныптары арасында өтті. Оқушылар барлық күш-жігерін сала ойнады. Ойын 15минуттан 2кезеңге жалғасты. 7 сыныбы мен 8 сыныбы арасындағы ақтық ойын 4-2 есебімен, 8 «а» сыныбы I-орынды иеленді. 9 сыныбы II-орын, 6-7сыныптарынан құралған команда III-орын болып бөлісті. Үздік ойыншылар 9 «а» сынып оқушылары Елубай Әділ, Мукаш Даниял аталып марапатталды. Білім алушылар барлығы дерлік жарыста белсенділік танытты.


Спорттық ойын Волейболдан 8-11 сынып қыздары арасында жарыс өтті. Тартысты өткен ойындарда 2:1 есебімен 8 сынып оқушылары жеңіске жетті. Осындай көрсеткіштер спорттың әр түрінен өткізіліп күштілер мен ептілер анықталды. Жарыстың жабылуында ДҚТІЖО Ш.Сарыүйсінбай үздік ойыншыларды мақтау қағаздары мен грамоталармен марапаттап, алдағы уақытта спортпен шұғылданып мектептің және Отанымыздың намысын қорғайтын азамат болатындарына сенім білдірді. Білім алушылар денсаулық күні қызықты өткеніне ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив