26
октябрь
2021
"Ең мейірімді ауыл"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 11 қазандағы №03-5700 хатына сәйкес, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕ АҚ-ның ұйымдастыруымен 2021 жылдың 1-12 қараша аралығында өткізіліп жатқан мейірімділік пен ізгілік, қайырымдылық қоғамын құру мақсатында, халық арасында насихаттау үшін мейірімділіктің бастауы болатын бірқатар жобалар әзірленген. Солардың бірі мектебіміздің 8"А"-сынып білім алушылары "Ең мейірімді ауыл" тақырыбында ауылымыздың қарт тұрғындарына көмек қолын созып, өздерінің мейірімділіктерін көрсете білді.