17
сентябрь
2021
"ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ"
"ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ"
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30- жылдығына орай №16 жалпы орта білім беретін мектебінде ауылымыздың, ауданымыздың еңбек ардагерлері мен ұлағатты ардагер ұстаздардың қатысуымен кереметтей «Тәуелсіздік жетістігі» атты мерекелік іс- шара өтті. Осы азаттық жолында қаншама ардақты асылдарымыздың жаны пида болды . Мектебіміздің білім алушыларынан құралған «Домбыра дастан» оркестірі күмбірлеген күйлерімен мерекемізді ашып, ұлағатты ұстаздарымыздың нақыл сөздерімен жалғасты. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. Білім саласында үздік атанып, Жамбыл облысының құрметті азаматшасы атағына ие болған Татыкулова Қайнаркүл апамыздың жігерлі сөздері мен жастарға берген әрбір өнегелі сөздері жанымызда жатталып қалатыны анық.