17
январь
2025
"Абайлаңыз балалар! " республикалық акциясының онкүндігі аясында жолда жүру ережесіне байланысты 5-7 сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізілді.
15.01.2025 ж.күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Абайлаңыз балалар! " республикалық акциясының онкүндігі аясында жолда жүру ережесіне байланысты 5-7 сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізілді. Осы орайда оқушылар, жолда жүру ережесінің маңыздылығын көрсете білді.
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Егер жол ережесін бұзсаңыз, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңызды тигізесіз. Сондықтан, жолда сақ болыңыз! Оқушылар осы ережелерді сурет салу арқылы жеткізді.
Жауапты: Бейнелеу пәні мұғалімі А. Туменбаева
