11
январь
2024
"Білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар" тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті.
2024 жылдың 11 қантар күні №16 жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математика пәні бірлестігінің айлығы аясында "Білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар" тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында "Қол шатыр", "Эксперимент", "Тапқыр болсаң -талас жоқ" әдістерді қолдана отырып білім алушылардың қызығушылықтарын арттыратын логикалық, викториналық сұрақтар берілді, білім алушылар химия, биология, физика пәндері бойынша қызықты эксперименттер көрсетті. Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің жоспары құрылып, бекітілді.