08
декабрь
2023
Үйірмелер онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті
Бүгінде әрбір ата-ана баласын заманға сай жан-жақты, өнерлі етіп өсіргісі келеді. Сол себепті кішкене күнінен түрлі қосымша үйірмеге қатыстырады. Оған қатысу арқылы бала белгілі бір өнерді үйреніп, білімді меңгеріп қана қоймай, қоғаммен араласады. Қатарластары арасында өзіне деген сенімділігі артады. Айта берсек, үйірменің балаға берері көп-ақ. Жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына да мектептегі үйрмелердің тигізер үлесі ерекше.
Осы орайда 8-желтоқсан күні мектебіміздің үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5-15 желтоқсан аралағында жүргізілетін үйірмелер онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті, ашылу барысында үйірме бишілері би билеп, мақал-мәтелдер жасырылған ойындар ойнатылды. Мектебімізде "Үкілім" би үйірмесі, "Дара жол" пікірсайыс үйірмесі, "Шахмат", "Асық ату", "Жас сарбаз", "Жасыл мектеп"," Қолөнер", "Робототехника" және "Сурет" үйрмелері жұмыс жасайды.
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың игі дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, ұлы ойшыл-педагогтардың еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағылым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай, айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі.
[media=

]