03
апрель
2023
Психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлықтың ашылуы өткізілді.
2023 жылдың 3 сәуір күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлықтың ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан сергіту жаттығуларын жүргізді. Айлық барысында жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, білім алушылардың шығармашылығын, белсендігін арттыру, суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен педагогтар мен білім алушылар таныстырылды.