12
май
2022
“Қазіргі жас маман-жарқын болашақ кепілі” атты онкүндігінің жабылуы болып өтті
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде мамыр айының 12 күні “Қазіргі жас маман-жарқын болашақ кепілі” атты онкүндігінің жабылуы болып өтті. Онкүндіктің мақсаты: жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы озық технологияларды тиімді пайдалану. Онкүндікті ұйымдастыру үшін жұмыс жоспары құрылып, барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді. Жабылуы барысында “Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі” тақырыбында эссе жаздырылып, шебер сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар информатика пәнінің мұғалімі Оразбаев Ардақ электронды портфолионы жасалу жолын өз іс тәжірибесімен бөлісті.