15
март
2022
"Бауырсақ party" байқауы ұйымдастырылды.
Бауырсақ – қазақ дастарқанының басты наны. Олардың “ши бауырсақ”, “қатырма бауырсақ”, “шелпек”, т.с.с. бірнеше түрі бар, себебі бауырсақ – қиялыңыз жеткенше көсілуге ерік беретін, әрі дайындалуы қарапайым тағам. Кей жерлерде бауырсақты “тоқаш” деп те атайды.
Қазақта «Ас — атасы нан»деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді.
22 Наурыз — Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай, наурыз айының 15-ші жұлдызында N16ЖОББМ-де 5-8 сынып білім алушылары арасында "Бауырсақ party" байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында, бауырсақтың әр түрі ұсынылып, дайындау әдісімен бөлісті.
Ұлттық дәстүрімізге сай кішкентай бүлдіршіндеріміз, барша мектеп ұжымы бауырсақтан ауыз тиді. Байқау жоғарғы дәрежеде өтті.