05
август
2021
Мектеп формасын кию міндеттелмейді❗️
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың мектеп формасы туралы қабылдаған шешімін 1-11 сынып ата-аналарымен онлайн форматында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Құрметті ата-аналар!!!
Мектеп формасын кию міндеттелмейді❗️
Елдегі эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, әртүрлі себептермен балаларға мектеп формасын сатып алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін тағы бір жылға мектеп формасын киюді міндетті емес ету туралы шешім қабылданды. Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы орайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейтінін мәлімдеді. Министрліктің мектеп формасы туралы бұйрығына арнайы тармақ енгізілді. "Төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда таза классикалық не іскерлік үлгідегі киіммен келуге рұқсат беріледі" делінген. Cонымен қатар, педагогтер мектеп формасы балаларды бір тәртіппен тәрбиелеуге үлес қосатынын, сол мектепке баратын балалармен бірлікті сезінуге мүмкіндік беретінін және ең бастысы, оқушылар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтуға көмектесетінін айтады.
Құрметпен «№16 ЖОББМ» КММ әкімшілігі.