11
январь
2021
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланды. Мақала "Бағдар мен белес", "Таным мен тағылым", "Қоғам мен құндылық", "Ұлағат пен ұстаным" атты бағыттарға тоқталып өтті. Егемендігіміздің мәңгілік ұштағаны - Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз. Қуатты елдің иесі және кемел халық болу, саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру біздің басты қағидамыз болуы қажет деп білемін.
Тарих пәні мұғалімі Қ Биғазиев
Тарих пәні мұғалімі Қ Биғазиев