27 август 2025 0 1 2 3 4 5 Педагогикалық кеңес №1 [media= Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Сыпатай Мектеп (@16_mektep.sypatay.a)Білім беру саласында педагогикалық кеңестің орны ерекше. Өйткені ол – мектептің даму бағытын айқындайтын, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ықпал ететін маңызды орган.№16 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен педагогикалық кеңесте ұжымның бірлескен еңбегі мен жауапкершілігі айқын көрінді. Сонымен қатар педагогикалық кеңеске Жамбыл облыстық "Өрлеу" ұлттық біліктілік арттыру орталығының аға тренері Фарида Жұмабекқызы қатысты. Бұл кеңес барысында оқу жылының негізгі міндеттері сараланып, оқушылардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ мәселелерге шешім табуға тырысты.Кеңес барысында оқушылардың үлгерімі, тәртібі, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылды. Сондай-ақ жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері де назардан тыс қалмады. Мұғалімдер білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсынды.Бұл педагогикалық кеңес мектептің біртұтас ұжым екенін тағы да дәлелдеді. Әр ұстаздың пікіріне құлақ асылып, ортақ шешім қабылданды. Мұндай басқосулардың нәтижесінде мектептің болашағы айқындалып, алдағы жұмыстардың бағыты белгіленеді.Қорытындылай келе, 16 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен педагогикалық кеңес – тек есеп беру емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен ұсыныстардың алаңы болды. Ол мектеп ұжымының бірлігін нығайтып, оқушылардың жарқын болашағына жол ашатыны сөзсіз. ]