12
сентябрь
2024
Бос лауазымдарына тағайындау конкурсын жариялайды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымы педагогінің бос лауазымдарына тағайындау конкурсын жариялайды.
1. Орналасқан жері: Жамбыл облысы Меркі ауданы Сыпатай ауылы Орталық көшесі 16 Г мекен жайында орналасқан, телефон нөмірі: 87263251691, электрондық пошта: merke16om@yandex.kz
2. Лауазымдар атауы:
1. Тарих пәні мұғалімі - 8 сағат (бос лауазымға)
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.09.2024 - 21.09.2024 жыл аралығы.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) “ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының” 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болсат);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы # ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
10) “ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының” 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.