14
декабрь
2020
"Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы"
"Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы" айлығы негізінде 10.12.2020 жылы мектебімізде тапқыр оймен таң қалдыратын қызықты деректерге толы «ҚЫЗЫҚ ЕКЕН...» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалану, интелектілік және дүниетанымдық қабілеттерін арттыру, пән бірлестіктері арасындағы байланысты дамыту.
Жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі : Мустафаева Кулзия Ермекқызы.
Бастауыш сынып пәні бірлестігінің жетекшісі: Төкен Нарқыз Асланбекқызы.
Жас маман мұғалімдерінің жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Досмырзаева Гүлмира Маратқызы.
Мектеп алды пәні бірлестігінің жетекшісі: Хамзаева Қарақат Жұманқызы.
Информатика пәнінің мұғалімі: Оразбаев Ардақ Құрманбекұлы.
Ағылшын, тарих және өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі, ағылшын пәнінің мұғалімі: Самагулова Балжан Бахтиярқызы.
Ойынға екі топ қатысты. Әр топ үш ойыншы және жанкүйерлерден құралған. Ойын барысында 12 сұрақ қойылды, әрбір дұрыс жауапқа 1000 ұпай берілді. Ал ойыншылар сұраққа жауап бере алмаса жанкүйерлерден көмек сұрайды. Бұл мүмкіндік бір-ақ рет берілді. 13 сұрақ екі топқа ортақ шешуші сұрақ қойылды. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар дегендей өздерінің нағыз тапқырлығын көрсетіп Кулзия Ермекқызының тобы жеңіске жетіп, арнайы сертификатпен марапатталды. Ал, қарсылас топқа арнайы сыйлықтар берілді.
Жауапты: Қазақ тілі мен орыс тілі бірлестігі.