«Біздің түлектер қайда?» атты ақпараттық-танымдық іс-шара мектеп
№ 16 ЖОББМ оқушылары «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар бүгіні мен болашағы» атты айлығының жоспарына сәйкес «Біздің түлектер қайда?» атты ақпараттық-танымдық іс-шара мектеп түлектерінің өмірдегі жетістіктерін көрсету мақсатында өткізілді. Аталған шара барысында әр жылдарда мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан, қазіргі таңда А Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде білім алып жатқан түлектерімен бейне таспалары арқылы оқу орны жайлы ақпараттар алды.