Дене шынықтыру және өнертану бірлестігінің айлығы аясында 10"а" сынып
2024 жылы 19 наурыз күні Дене шынықтыру және өнертану бірлестігінің айлығы аясында 10"а" сынып білімалушыларымен "ҚРҚК әскери атақтары мен айырым белгілері" тақырыбында ашық сабақ өткізіді.Сабақ барысында "Көңіл күй", "Фишбон" "Сұрақ жауап" "Сәйкестендіру" әдістері қолданылды."Бас бармақ" әдісі арқылы бағаланып кері байланыс алынды.Сабақ қойылған мақсатына жетті. АӘТД пәнінің мұғалімі Т.Нығыметұлы.