"Құқықтық білім және құқық бұзушылықтың алдын алу"
2022 жылы қазан айының 14-15 күндері №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық білім және құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында мобильдік топ мүшелері, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 442 бабы негізінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің сағат кешкі 23:00 ден таңғы 06:00 аралығында заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруге болмайтынын ескерту мақсатында рейд шараларын жүргізді.