Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары
2021 жылы 4 қазан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі АПБ ӘПБ бастығы Б.Байтемиров пен ЖПҚБ УПИ полиция майоры А. Даулетовтың қатысуымен 8-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға жол ережесі, қауіпсіздік шаралары,бөтеннің мүлкіне қол сұғуға болмайтындығы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары мен оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.