Материалы за 28.12.2020 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 28.12.2020
Республикалық қашықтық олимпиада.
28
декабрь
2020
Республикалық қашықтық олимпиада.
 Республикалық қашықтық олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың жүлдегерлері Бекзатұлы Б, Айтуған М, Искаков М ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
"Адамның ішкі жан сұлулығы"
28
декабрь
2020
---
"Адамның ішкі жан сұлулығы"
"Заманауи білім-кемел келешек кепілі" айлығы негізінде 5"А" сыныбында Өзін-өзі тану пәнінен "Адамның ішкі жан сұлулығы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Білім алушылар сабақта адам жанының сұлулығы, адамгершілік құндылықтары туралы ойларын ортаға салды. Сабақтың құндылығы мейірімділік, кішіпейілділік, ізгілік. Пән мұғалімі: Бірәлі Нұрғалым.
Республикалық қашықтық олимпиадасы.
28
декабрь
2020
Республикалық қашықтық олимпиадасы.
Қазақ тілі пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы 9"А" сынып білім алушысы Түменбай Жалғас І дәрежелі, 8"А" сынып білім алушысы Айтуған Ұлан ІІ дәрежелі, 7"А" сынып білім алушысы Манапалы Жания ІІ дәрежелі, Оразай Жанэль ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жарайсыңдар, марапаттарың құтты болсын! Жетекшісі: Джасыбаева А, Абишева Л.
"Құқықтық мәдениет"
28
декабрь
2020
"Құқықтық мәдениет"
Аудандық "Құқықтық мәдениет" жобасы аясында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында атқарған нәтижелі жұмысы үшін №16 жалпы білім беретін мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Пусырова Айтолкын Казбековна Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің алғыс хатымен  марапатталды.
№16 ЖББМ келісім  шарт туралы.
28
декабрь
2020
№16 ЖББМ келісім шарт туралы.
26.12.2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісім  мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметқызы  кәсіподақ төрайымы Селимшева  Наталья Владимировна  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Баубекова Алтынай  Курманкуловна бастауыш сынып жетекшісі Төкен Нарқыз Асланбекқызы жалпы келісім шартта қаралған он төрт тарауды талқылап,  жас мамандарға түсіндірілді. Жас мамандар өз ойларымен бөлісті.