Материалы за Декабрь 2019 года » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2019 года
"Біз  еліміздің  жарқын  болашағымыз"
29
декабрь
2019
"Біз еліміздің жарқын болашағымыз"
№16 жалпы білім беретін мектебінде "Біз еліміздің жарқын болашағымыз" тақырыбында жаңа жылдық мерекеге арналған іс-шаралар өткізілуде.
Балалардың өмір  қауіпсіздігін  сақтау.
23
декабрь
2019
Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау.
№16 Жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып білім алушылары арасында балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова мен мектеп инспекторы Е.Тупеков жаңа жыл мерекесінің қарсаңында жол қауіпсіздігін сақтау, жарылғыш заттардан сақтану, қысқы каникул кезіндегі ашық мұз айдынынан сырғанау кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен насихаттап, сынып
"Химия,биология,және  информатика пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту;  бүгіні  мен  болашағы"
20
декабрь
2019
---
"Химия,биология,және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту;
Жаңартылған білім мазмұны аясында жаратылыстану және информатика, химия пәндерін ағылшын тілінде GLIL технологиясын қолдана отырып, үштілділікті жүзеге асыру мақсатында №16 жалпы білім беретін мектебінде "Химия,биология,және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту; бүгіні мен болашағы" тақырыбында мектепшілік семинар өткізілді.
"ХІХ ғасыр  көшбасшысы"
20
декабрь
2019
"ХІХ ғасыр көшбасшысы"
Білім алушыларды білімді,жан-жақты баулу.Білуге,үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді,дарынды,озық болуға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің аясында 3-4 сынып білім алушыларының арасында "ХІХ ғасыр көшбасшысы" Интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
"Үздік  дидактикалық  қор"
20
декабрь
2019
---
"Үздік дидактикалық қор"
№16 Жалпы білім беретін мектебінде "Үздік дидактикалық қор" тақырыбында мектепшілік байқау өткізілді. Дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптерін, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыру тұжырымдау мақсатында өткізілді.
"Тәуелсіздік  тұғырым"
19
декабрь
2019
---
"Тәуелсіздік тұғырым"
"Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қоры, "Бала дарын" балалар байқауы жобасы аясында,балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен "Тәуелсіздік тұғырым" атты республикалық өлең оқу байқауына қатысып ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен №16 ЖББМ жанынан ашылған "Мейірім" шағын орталығының тәрбиеленушілері марапатталды.
"Дені  сау  жас-табиғаттың  ең  қымбат  жемісі"
18
декабрь
2019
"Дені сау жас-табиғаттың ең қымбат жемісі"
Меркі ауданының жастар арасында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Дені сау жас-табиғаттың ең қымбат жемісі" атты аудандық волейбол жарысында ІІІ-орын иеленген №16 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары марапатталды. Жетекшісі Совет Серікболсын.
"Тәуелсіз  елдің  спорт  сүйер ұстаздары"
18
декабрь
2019
---
"Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары"
Меркі ауданының 90 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары" атты аудандық мектептер арасында ауыспалы кубок жүлдесі үшін волейбол жарысында үздік ойын көрсеткен №16 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары І орын иеленді.
"Дарабоз"
18
декабрь
2019
"Дарабоз"
Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауында "Қол өнер" жанры бойынша өнер көрсеткен №16 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары Базил Айсана, Елеусін Қанат марапатталды.Жетекшісі Жумалиева Нұржамал Табылдиева дипломмен марапатталды.
"Көркем  жазу  өнер"
14
декабрь
2019
"Көркем жазу өнер"
[center][img]http:/ Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің аясында 1-4 сынып білім алушылары арасында "Көркем жазу өнер" атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты білім алушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке баулу. Байқауға орыс,қазақ сыныптарынан жалпы 22 білім алушы қатысты.