Материалы за Ноябрь 2019 года » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2019 года
"Бердібек -қазақтың  дара  жазушысы"
30
ноябрь
2019
"Бердібек -қазақтың дара жазушысы"
№16 ЖББМ кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың-95 жылдығына орай, "Бердібек -қазақтың дара жазушысы" атты іс-шара өтті. Іс-шараға 6 сынып оқушылары қатысты. "Менің атым Қожа" киносынан үзінді көрсетілді. Б.Соқбақбаев туралы толық мағлұмат алынды.
Республикалық  пән олимпиадасы.
30
ноябрь
2019
Республикалық пән олимпиадасы.
2019 жылдың 26-27 қараша күндері №16 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық пән олимпиадасының І мектепшілік кезеңінде 94 білім алушы қатысып, оның жеңімпаздары ІІ кезеңге өтті. Жүлделі орынға ие болған білім алушылары аудандық кезеңіне жолдама алды.
"Заманауи Қазақстан  Елбасының  көшбасшылық сабақтары"
30
ноябрь
2019
"Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары"
Білім алушылардың бойында Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінікті, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында "Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары" атты №16 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып білім алушылары арасында бірыңғай ашық сабақ өткізілді.
"Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  оқу  үрдісін  жаңаша ұйымдастырудың  тиімділігі"
20
ноябрь
2019
"Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үрдісін жаңаша
"Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың тиімділігі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 19-29 қараша аралығында онкүндігі ашылды.Онкүндіктің мақсаты:Сабақ барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың тиімділігін арттыру.
Құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу.
20
ноябрь
2019
Құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу.
19 қараша күні №16 жалпы білім беретін мектебінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету,оларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ІІ-мобильдік топ мүшелерінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.Кездесу барысында мобильді топ құрамының өкілдері Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Ноғайбеков және "Ана мен бала"жасөспірімдердің гинеколог-дәрігері Д.Шондыбасова құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу
"Дарабоз"
19
ноябрь
2019
---
"Дарабоз"
Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауында "Қол өнер" жанры бойынша өнер қөрсеткен Елеусін Қанат,Базил Айсана дипломмен марапатталды.Жетекшісі Жумалиева Нұржамал Табылдиевна үздік шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
"Мен  және  отбасым"
19
ноябрь
2019
"Мен және отбасым"
№16 ЖББМ 18 қараша күні "Жетістіктер баспалдағы" акциясы аясында "Мен және отбасым" отбасылық спорттық жарыс өткізілді.Жарысқа Исхаковтар, Рысбековтар, Укеновтар, Оңғарбаевтар отбасылары қатысты. Нәтижесінде жеңіске жеткен отбасылар мақтау қағазымен марапатталды.
"Жаңартылған   білім  беру  аясында  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалауды жүргізудегі  критериалды  бағалаудың  маңыздылығы"
18
ноябрь
2019
---
"Жаңартылған білім беру аясында қалыптастырушы және жиынтық
№16 жалпы білім беретін мектебінің директоры Г.Муратова директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Баубекова "Жаңартылған білім беру аясында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізудегі критериалды бағалаудың маңыздылығы" тақырыбында мұғалімдер арасында семинар өткізілді. Семинарда жан-жақты мәліметтер айтылып бастауыш сынып және пән мұғалімдері өз-ойларымен бөлісті.
"БАЛАЛАР  ҮШІН   БІРГЕ"
18
ноябрь
2019
"БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ"
Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" онкүндік аясында №16 жалпы білім беретін мектебінде 18 қараша күні оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында 1-11 сынып білім алушылар арасында "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Музейге  экскурция
16
ноябрь
2019
Музейге экскурция
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 16 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлына арналған музейге экскурция жасап қайтты.