31
январь
2022
"Физика пәнінен PISA тапсырмаларын шешу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында баяндама жасады.
31.01.2022 жылы "Жаңартылған білім беру жағдайында физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту"тақырыбында Меркі ауданы білім бөлімінің физика-математика пәндерінің әдіскері Сақыбай Айбек Қайратұлының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы онлаин семинар- практикум өткізілді.Семинар барысында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Буралкиева Гүлмира Наукебаевна "Жаңартылған білім жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында және №16 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сауытбек Нұржігіт Сауытбекұлы "Физика пәнінен PISA тапсырмаларын шешу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында баяндама жасады.